Әл-Фарабидегі жол апаты: Айыпталушы кінәсін мойындады
Алматыда әл-Фараби даңғылындағы адам өліміне әкелген жол апатына қатысты істе айыпталушы кінәсін толық мойындады. Ол сот отырысына онлайн форматта қатысты. Бұған дейін қорғаушысы оның жарақатына байланысты қашықтан қатысуға өтініш білдірген еді. Сонымен қатар Mercedes жүргізушісінің отбасы мен басқа да жәбірленуші тарап сотталушымен келісімге келген. Марқұмдардың туыстары айыпталушы тараптың келтірілген материалдық және моральдық шығындарды толық көлемде өтеп бергенін жеткізді. Осыған байланысты жәбірленушілер соттан айыпталушыға қатысты қатаң жаза қолданбауды сұрап отыр. Іс бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр.
Еске сала кетейін, 21 наурыз күні әл-Фараби даңғылында мас күйінде Zeekr көлігін тізгіндеген жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан үш адам мерт болды.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17