Қазақстан – Жапония: Парламентаралық ынтымақ артып келеді
Қазақстан мен Жапонияның парламентаралық ынтымағы артып келеді. Токио қаласында екі елдің Парламент депуттары кездесті. Тараптар өзара стратегиялық әріптестіктің қазіргі жай-күйі мен болашағын және Қазақстандағы ауқымды саяси реформаларды талқылады. Бибігүл Жексенбай жаңа Конституцияның басты мақсаты Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін нығайту, азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру екенін атап өтті. Сондай-ақ депутаттар Токиода өткен қазақтар құрылтайына қатысып, шараның маңызына тоқталды.
Бибігүл Жексенбай, Сенат депутаты:
Шет елдегі әрбір қазақ баласының қазақша сөйлеуі, Қазақстанның рухани ықпалының сақталғанын білдіреді. Сондықтан жексенбілік мектептерді онлайн оқытуды, қазақ курстарын, мәдени бағдарламаларды күшейту ортақ міндет. Қазақстандағы ЖОО, ғылыми орталықтар шет елдегі қазақ балаларына қолжетімді әрі тартымды болуы керек. Бізге жаһандық ойлайтын, бірақ ұлттық болмысын ұмытпаған жаңа буын қажет.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06