Әскерге шақыру 30 маусымға дейін жалғасады
Әскерге шақыру 30 маусымға дейін жалғасады. 17 наурыздан бері 21 мыңнан астам сарбаз қабылданған. Олар 18 бен 27 аралығындағылар. Азаматтарға шақыру электронды форматта SMS-хабарламалар және eGov порталы арқылы жіберіледі. Электрондық хабарлама ресми шақыру мәртебесіне ие. Хабарлама алған азаматтар жергілікті атқарушы органдардың әскерге шақыру пунктіне келуге міндетті. Себепсіз келмеген жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал әскери қызметтен жүйелі түрде жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Альберт Бекмұханов, ҚР Қарулы күштері Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы
департаментінің аға офицері:
Ең бірінші Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік коммитетінің шекара қызметі, мемлекеттік күзет қызметі, төтенше жағдай министрлігінің әскери бөлімдері, қарулы күштердің әскери бөлімдері 100 пайызға орындалды. Бүгінгі күні азаматтарымыз әскери борышын өтеп жатыр. 22 мамыр мен 30 маусым аралығында Ішкі істер министрлігінің «Ұлттық ұлан» әскери бөлім командалары жасақталады.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06