Түркістан облысының Ағыбет ауылы өзеннен су тасып ішеді
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында жұрт ауыз судан тарығып отыр. 200-ден астам түтіні бар Ағыбет ауылында бюджет қаражатына салынған ұңғымадан су шықпай, құбырлар жарамсыз күйге түскен. Биыл елді мекенді ауыз сумен қамтуға мемлекеттен тағы миллиондаған қаражат бөлінді. Алайда жергілікті халық ескі ұңғыманың игілігін қайта көреміз дегенге сенбей отыр. Тараптардың пікірін тілшіміз Айнұр Әбілқасымқызы тыңдап қайтты.
Мыңнан аса тұрғыны бар Ағыбет ауылында
соңғы үш жылдан бері су беру мүлде тоқтатылған. 14 жыл бұрын қазылған
ұңғымадан жұрт жарытып су ішпеген. Қазір
бұл нысанның басында ескі құбырлардан басқа түк қалмаған.
Хасен Шәметов, Ағыбет ауылының тұрғыны:
Бұл суды кіргізгенмен бір шелек те су ішпедік біз. Біресе насос күйеді. Біресе трасса жарылады. Кезек кезек осылай біресе трасса жарылады, біресе насос күйеді. Су тоқтады ақыры. Егер осы жерге жаңадан жүргізіліп жатқан су осы жерге жалғанса тура сондай жағдай қайталанады деген ауыл тұрғындарының күдігі осы. Қайтадан су ішпейміз деп.
Жылдар бойы кенезесі кепкен бұқараның базбірі үйлерінен құдық қаздырып алыпты. Оның өзі аз ақша емес. 30-40 метрлік
құдық қаздыруға 1 млн теңгеге жуық қаражат кетеді. Көбісінің қалтасы көтермей,
көршісінен су алып отырғандары да бар. Ал жаздыгүні ондағы су тартылып, сусыз
қаламыз дейді жергілікті халық.
Орынбасар Жаманқұлов, Ағыбет ауылынң тұрғыны:
Мәшинесі бар өзеннен тасып ішеді. Мәшинесі жоқ тачкамен жүреді сақырлатып. Әбден судың тақсыретін тартқанбыз сөздің ашығы да. Ойбай деді, бірінші башня анаутұғын. Кейін мынаны соқтырды. Ол бәрібір результат жоқ. Біздің жанайқайымыз сол. Не мына жотаға шығарсын, не мына жотаға шығарсын.
Бір қызығы, Ағыбет ауылы облыста кестемен су ішетін елдімекендер қатарында тұр.
Ал ағымдағы жылы ауылдағы ескі ұңғыманы жөндеп, құбырларды жаңартуға бюджеттен
842 млн теңге бөлінген. Десе де ауыл тұрғындары ұңғыманың орнынан қайта су
шығады дегенге сенбейді. Мамандар болса жаңа жоба бойынша су көздері анықталғанын
алға тартады.
Жандос Әзіханов, Бәйдібек апудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімінің басшысы:
Резервуарды, скважинаны қайтадан қазіп бер деп жатыр. Бұл енді біздің проектімізде жоқ. Біз сол жерден халықпен кездескенде айтылғандағы бір скважинаны қазамыз, бірақ ол проектіде жоқ. Біз соның суын анықтаймыз. Судың дебитін анықтап, содан кейін халыққа су береміз.
Қазір ауыл ішіндегі 37 шақырымға созылған құбырлар қайта жаңартылуда. Қалған
жұмыстар келер жылға өтпелі. Өңірде ауыз су проблемасы тек Ағыбетте емес, тағы
154 елдімекенде өзекті. Тек кестемен беріледі.
Оны шешу қаражатқа байланысты дейді мамандар.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаһан жаңалықтарына шолу
10.06.2026, 20:52
Су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
10.06.2026, 20:50
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті
10.06.2026, 20:47
Таза көшелерде маңдай тердің табы бар
10.06.2026, 20:46
3 жылда Бибісара Асаубаеваға 700 млн теңге қолдау көрсетілген
10.06.2026, 20:44
Ертең футболдан Әлем чемпионаты басталады
10.06.2026, 20:42
«Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы бекітілді
10.06.2026, 20:14
Ескі үйлер арзандап, жаңасы қымбаттады
10.06.2026, 20:12