Кениялықтар АҚШ-тың карантин орталығын ашуына қарсы шықты
Кенияның Наньюки қаласында жүздеген адам көшеге шықты. Олар АҚШ-тың эболаға қатысты карантин орталығын ашу жоспарына наразы. Нысан вирус жұқтырды деген күдікке іліккен америкалық азаматтарға арналған. Орталықты әскери базаға жақын маңда ашу көзделген еді. Бұған қарсы шыққан кениялықтар шиналарды өртеп, жолдарды бөгеді.
Ал жаһандық донорлар эболаға қарсы үш вакцинаны жасауды жылдамдатып жатыр. CEPI ғаламдық денсаулық сақтау ұйымы «Модерна» мен тағы екі компанияға бұл мақсатқа 60 млн доллар бөлген. Дегенмен вакцинаның нақты қашан дайын болатыны белгісіз. Конго Демократиялық республикасында эболадан 42 адам қаза тауып, мыңнан астам адам қауіпті індетті жұқтырды деген күдікке алынған. Ал 280-нен астам тұрғынның вирусты жұқтырғаны расталды.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 20:01
Алматыда емхананы ауыстыру талаптары жеңілдетілді
15.09.2026, 19:53
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28