Көлікке газ орнату ережесі сақталмаса арты жарылысқа әкеп соқтырады
Көлік жүргізушілері үшін газ экономикалық жағынан да, экологиялық жағынан да тиімді суйық отын. Бірақ көлікке газ баллондарын орнату кезінде қауіпсіздік ережелері сақталмаса, арты жарылысқа әкеп соқтыратынын жүргізушілердің кейбірі ескере бермейді. Оның сыртында газ құю стансалары да талапты қатаң сақтауы тиіс. Астанада көшенің қақ ортасында бір көлік өз-өзінен өртеніп кеткеннен кейін тілшіміз бұл мәселені біраз зерттеп көрді.
Кеше ғана Астанада көшенің қақ ортасында автокөлік өртеніп, 5 адам зардап шекті. Оның бірі-бала. Дәрігерлер науқастардың жағдайы ауыр дейді. Өрттің себебі анықталуда. Куәгерлердің сөзінше, жарылыс газдан болған. Осы оқиғадан кейін газбен жүретін көліктердің қауіпсіздігі алаңдаушылық тудырды.
Айсамал Құспанова, көлік жүргізуші:
Газбен жүреміз. Себебі қаланың ішінде, қаланың сыртында сол ыңғайлы болып тұр. Газ өте тиімді. Міндетті түрде жылына 2 рет барып тексеріліп, балаларымызды тасимын, сондықтан қауіпсіздігіне мен өте мән беремін.
Айболат Нұржақов, көлік жүргізуші:
Бір жарты жылда өзін қарап тұрмасаң, ол бір жерден қотыр шоқалақтан өтесің немесе байқамай бірдеңе болып қалады, шлянгілері езіліп қалуы мүмкін соны уақытында жарты жыл сайын диагностикадан өткізіп тұруың керек. Ол өзіңнің жеке қауіпсіздігің үшін. Ағайын-туыстарың мінеді, бала-шаға мінеді, сол машинаға сен жауаптысың ғой.
Жеке кәсіпкер Бөкен Қазақбаев 11 жылдан бері көлікке газ қондыру және жөндеу жұмыстарымен айналысады. Ол газбен жүретін көлікті кемінде алты ай сайын диагностикадан өткізуге кеңес береді. Ал, егер газ жабдығы дұрыс орнатылып, жылына екі рет техникалық тексерістен өтіп тұрса, еш қауіп жоқ, - дейді маман.
Бөкен Қазақбаев, жеке кәсіпкер:
Бұл қондырғылардың сапалы және сапасыз түрлері болады соны әдемілеп, маман қондыра білсе ол ешқандай мына ортаға қауіпсіз болады. Газ жіберіп тұр ма жібермей тұр ма, көбікпен және компьютерлік диагностика дейміз, диагностикамен бойындағы давлениелерді қалпында тұр ма, тұрмады ма, соны тексеріп тұру керек.
Көліктердің барлығына дерлік газ орнатылған Маңғыстау облысында 600-ге жуық газ құю бекеті бар. Олардың қауіпсіздігін жылына бір рет құзырлы орган тексереді.
Бауыржан Алдамжаров, «Маңғыстау Автогаз» қауымдастығының төрағасы:
Промбез дейді, өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті саласының мамандары бар, олар жылына бізде қазір тым көп болғаннан кейін, айына тізім қояды. Осындай 10-15 бекетке барып, өздерінің тексеріч өткізіп тұрады. Өздерінің жылдық проверкаларын. Соған байланыс ешқандай қауіп жоқ, бекет те бәрі жұмыс жасап тұр.
Газ құю бекеттеріндегі қауіпсіздікті күшейту үшін, енді газ стационарларының суықтық қоры арнайы қазылған жерде орналасады. Кәсіпкерлер бұл талапты 5 жыл ішінде орындауы тиіс. Бұл да болса газдан келетін қауіптің алдын алуға айтарлықтай септігін тигізбек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы