АҚШ пен Иран әскерлері бір-біріне шабуыл жасады
АҚШ әскері Иранның Кешим аралындағы жерасты әскери бақылау станциясына соққы берді. Сонымен қатар Пентагон Тегеранның Кувейт пен Бахрейнге және кемелерге бағыттаған баллистикалық зымырандары мен дрондарын құлатқан. Мұны Құрама Штаттар Орталық қолбасшылығы хабарлап отыр. Ақпаратқа сай, операция қорғану мақсатында жүргізілген. Айта кетсек, бұған дейін Тегеран Американың бесінші флоты мен әуе базаларына және тікұшақтарына шабуыл жасағанын жариялаған еді. Пентагон бұл ақпаратты растамай отыр. Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздер тұралап, аймақтағы жағдай қайта ушыққандықтан, бүгін Азия биржаларында мұнай бағасы 2 пайызға қымбаттап, оның америкалық сұрпының құны 95 доллардан асып кетті.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17