Шымкентте 102 адамды сарышаян шаққан
Шымкентте 14 жастағы баланы сарышаян шағып, жағдайы күрт нашарлаған. Жасөспірімнің аяқ-қолы ұйып, тыныс алуы қиындаған. Ата-анасы жедел жәрдем күтпестен баланы емдеу мекемесіне жеткізуге асыққан. Жолай оларға полиция қызметкерлері жәрдемдесті. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің нәтижесінде қазір жасөспірімнің жағдайы жақсы, дейді дәрігерлер.
Мадина Ермаханбетова, Шымкент қалалық Т.Орынбаев атындағы гипербарикалық
оксигенация орталығының бас дәрігері:
28 мамыр күні қабылдау бөліміне жас жеткіншек бала жеткізілді. Токсиколог мамандар қарап, бөлімшеге жатқызылып, уға қарсы дәрі-дәрмектерімізді, кислородтық терапиямызды өткіздік. Нәтижесінде уақытылы келу мен уақытылы ем көрсетудің арқасында науқастың жағдайы жақсарып, қазір үйінде.
Мамандардың айтуынша, сарышаянның уы, әсіресе созылмалы
сырқаты бар егде жастағы адамдар мен балалардың ағзасына өте қауіпті. Сондықтан
сарышаян шаққан жағдайда өз бетінше емделмей, бірден дәрігерге қаралу қажет
екенін ескертеді. Шымкент қаласы бойынша жыл басынан бері улы жәндік 102 адамды
шаққан. 37
науқас ауруханада емделсе, 65
тұрғын амбулаторлық көмекке жүгінген.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17