2 мыңнан астам бизнес субъект әкімшілік рақымшылыққа ілінеді
Ел тарихында тұңғыш рет әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша амнистия жарияланбақ. 2 мыңнан астам бизнес субъектісі осы жеңілдікке ілігеді. Бұл – кәсіпкерлерге түсетін қысымды азайту үшін жасалып отыр. Бүгін Мәжіліс тиісті заң жобаны бірінші оқылымда мақұлдады. Осылайша, жылдар бойы қордаланған берешектің салдарынан шоты бұғатталып, түрлі шектеуге тап болған азаматтарға жаңа мүмкіндік берілмек. Алайда рақымшылық мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзғандар, салық төлеуден жалтару үшін табысын, мүлкін әдейі жасырғандарға қолданылмайды. Депуттардың айтуынша, бастама – қателік жібергенімен, істеген ісіне өкініп жүрген азаматтарға жасалатын гуманистік қадам.
Абзал Құспан, Мәжіліс депутаты:
Оның басты себептері енді мына әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек беру, мысалы үшін әкімшілік амнистия, қылмыстық істер бойынша ауыр емес жеңіл қылмыстарға қатысты оларды жазадан босату. Мына оның ішіне жаңа атап өткендей жекелеген категориялар. Бұрында кірмеген, қазірде кірмейді ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалған қылмыстар, террористік, экстремистік немесе қылмыстық құрамдастар қарастырылмаған.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17