Шымкентте 106 заңсыз құрылыс нысаны анықталды
Шымкентте жүзден астам заңсыз құрылыс нысаны анықталды. Олардың бірқатары сот шешімімен сүрілуі мүмкін. Құрылыс нормалары мен заңнама талаптарының сақталмау деректері көбіне Абай ауданында тіркелген. Заңбұзушылықтардың басым бөлігі дүкен, қонақүй, дәмхана және техникалық қызмет көрсету орталығы сияқты кәсіпкерлік нысандарға тиесілі. Қазіргі уақытта 72 меншік иесіне айыппұл салынып, құрылыс жұмыстарын тоқтату туралы нұсқама берілді. Сондай-ақ заңбұзушылықтарды жоюға міндеттелді. Тексеру қорытындысында бюджетке 147 миллион теңгеден астам қаржы өндірілген.
Досхан Садықов, қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасының бөлім басшысы:
Рұқсат құжаты болмаған жағдайда объект сот тәртібімен бұзуға жолданады. Он шақты нысан тиісті жерге құжаты жоқ. Бұл жұмыстар тұрақты жалғасын табады. Басқарма тарапынан тұрақты түрде жүргізіледі.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27