Жамбыл облысында көкөніс қоймасы ашылды
Жамбыл облысының Қоңыртөбе ауылында шаруалардың жаз бойы жинаған өнімін сақтайтын көкөніс қоймасы ашылды. Нысан 1 млрд 800 миллион теңгелік инвестициялық қаржыға салынды. Толық автоматты микроклимат бақылау жүйесімен жабдықталған. Яғни бұл температура мен ылғал деңгейін тұрақты бақылап, өнімді ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді. 6 мың шаршы метр қоймада 12 мың тоннаға дейін көкөніс сақталады. Ал жалпы аумағы 1,5 гектар болғандықтан көліктердің кіріп шығуына ыңғайлы. Мұнда науқан кезінде 30-дан астам адам жұмыспен қамтылмақ. Айта кетерлігі инвесторлар күзде қойма қасынан ет комбинатын іске қосуды жоспарлап отыр. Онда жылына 7 мың тоннаға дейін түрлі ет өнімі шығарылады.
Әбдірәсіл Желеубаев, облыстық а/ш басқармасының басшысы:
Шығарып жатқан өнімді сақтау мәселесі өзекті болды. 2023 жылға дейін бізде заманауи, осындай тоңазытқышы бар 60 мың тонналық қоймалар болған. Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесін тираждау бағдарламасы іске қосылды. Сол бағдарламаның нәтижесінде біз 2 жылдың ішінде ілгерілеп отырмыз. Қуаттылығы 90 мың тоннаға жуық 10 қойманы біз осылай несиелендірдік.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27