Астанада ерекше балаларға арналған Smart Class ашылды
Астанада ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған Smart Class ашылды. Жасанды интеллектіге негізделген заманауи технология оқуға, жазуға ынтасы жоқ оқушылардың зейінін ашуға көмектеседі. Сонымен бірге, инклюзия мәселесін шешуге де сеп болмақ. Жоба сәуірден бастап қаладағы №99 мектептің бастауыш сыныбында пилоттық режимде жүзеге асырылып жатыр. Педагогтердің айтуынша, нәтижесі жаман емес. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, оқу үлгерімі 32 пайызға жақсарған.
Жанат Найманғазинова, бастауыш сынып мұғалімі:
Менің сыныбымда ерекшебілімді қажет ететін оқушы бар. Ол оқушының мектепке келу ынтасы жоғарылады десек болады. Өйткені бала күнара келетін болатын. Сыныпқа бір күн келеді, бір күн келмейді. Ал бұл жерде ол оқушы күнделікті сабақтан қалмай, сағат 7-де осы мектепте болатын болды. Келе салысымен ол міндетті түрде осы смарт партаның ішіндегі функцияларды қолдануға қызығушылығы артты.
TopIQ IT компаниясы мен «Алматыкітап баспасы» бірлесіп
жүзеге асырған инттелектуалдық сынып ТМД елдері бойынша тек Қазақстанда бар.
Мұнда оқушы мен мұғалім бір жүйеге біріктірілген. Әр оқушының жеке смартпартасы
бар. Ол баланың физиологиясына сай икемделген. Егер, баланың сабақ оқу қарқыны
төмендеп, шаршағаны байқалса платформа автоматты түрде жұмысын тоқтатып, қысқа
үзіліс ұсынады.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Кабо-Верде қақпашысы бір түнде әлемдік жұлдызға айналды
16.06.2026, 20:58
Халық пікірі: Қыз алып қашу - дәстүр емес, қылмыс!
16.06.2026, 20:57
30 теміржол вокзалы шілдеге дейін пайдалануға беріледі
16.06.2026, 20:12
Өндіріс орындары өнім көлемін еселей түсті
16.06.2026, 20:11
Ұлыбританияда балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға шектеу қойылады
16.06.2026, 20:08
«Үлкен жетілік» саммитінде Трамп пен Зеленский кездесті
16.06.2026, 20:08
Жүрекке жасалатын тегін операциялар саны 7,2% артқан
16.06.2026, 20:07
Мас жүргізушілердің кесірінен 8 адам қаза тапты
16.06.2026, 20:06