9 мыңға жуық әлеуеті әлжуаз отбасының балаларына 10 күндік тегін жолдама беріледі
Шығыс Қазақстан облысындағы балалардың жазғы демалысын тиімді өткізуіне барынша жағдай жасалып отыр. Ол үшін өңірде 12 сауықтыру кешені жұмыс істейді. Тұмса табиғат арасында салынған демалыс нысандарында бір жолда 11 мыңға жуық бала демалады. Жалпы, аймақта 1-11 сынып аралығындағы 94 мың оқушы бар. Олардың 9 мыңға жуығы әлеуеті әлжуаз отбасының балалары. Оларға биыл облыс әкімідігі 10 күндік тегін жолдама ұсынып отыр. Маусым айының 1-нен бастап өңірдегі барлық аудан мен қалада мектеп жанындағы лагерь ұйымдастырылды. Ал шілде айында ауылдарға бөлінген квтоға сәйкес 12 бала «Балдәурен» сауықтыру кешеніне демалуға жіберіледі.
Гүлнұр Зейноллақызы, облыстық ғылыми әдістемелік «Дарын» орталығының зертхана меңгерушісі:
Тегін жолдамамен биыл 8,525 баланы қамтимыз. Жаз маусымы кезінде су туризмін дамыту мақсатында 2 күндік танымдық сауықтыру іс-шарасын ұйымдастырып отырмыз. Аталған іс-шараға әр ауданнан 15 бала іріктеліп, жалпы саны 195 бала қамтылады.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17