Туризмнің ұлттық тарихи мазмұнына мән беріледі
Ақмола облысында алдағы 4 жылда туристердің ағынын 10 есе арттырып, 11 миллионға жеткізу жоспарланып отыр. Туризмді экологиялық бағытта дамытумен қатар оған ұлттық-тарихи мазмұн беру қарастырылған.
Щучинск қаласында ашылған «Ұмай ана» экосаябағы экологиялық туризмді дамытудың бір бағыты. Жасыл желекке оранған бақта ағаштардың түр-түрі егіліп, 600-ден астам сәндік бұталар отырғызылған, инфрақұрылымы да заманауи стильде жасалған. Мұнда балаларға арналған екі үлкен ойын алаңы жасақталған. Оның бірі ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған. Сондай-ақ бірнеше спорт алаңы мен амфитеатр бар.
Алтынбек Дағыстан, Щучинск қаласының тұрғыны:
Экопарктің ұнаған жері -бұл жерде дәл ортасында тұрған ескерткіш ана мен баланың арасындағы шексіз махаббат деп білемін. Сондықтан да бұл көз көргенде тоймайтын керемет бір дүние. Оның сыртында да қаншама ойын алаңдары бар. Командалық ойын алаңдары, жанұямен келуге болатын, топпен келуге болатын немесе балақша бүлдіршіндерімен керемет жағдай жасалған.Биыл Щучинск-Бурабай курортты аймағында туризмді дамытуға бағытталған 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Олардың қатарында 4 және 5 жұлдызды халықаралық талаптарға жауап беретін қонақүйлермен қатар Ұлы даладағы көшпелілер мәдениетін паш ететін ашық аспан астындағы музей салынады. Құны 18 миллиард теңге болатын жоба аясында сақтардың Абақай ғибадатханасы мен қола дәуіріндегі Беғазы-Дәндібай мәдениетінен туристік кешендер бой көтермек.
Жамбыл Артықбаев, тарихшы ғалым:
Халықтың талабы өзгерді. Халықтың деңгейі де өзгерді қазіргі күні. Қайда тарихи ескерткіштер?! Хан ордасы қайда дейді. Бұдан әрі туризмге ұлттық мазмұн беріледі. Жаңа мен өз баяндамамда айттым. Абақай-сақ дәуірінің ғибадатханасы. 3 мың жыл ғибадат орны болып келген қасиетті ескерткіш.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32