Жетісу облысының 35 ауылында 35 Ту тұғыры ашылды
Талдықорғанда әскери оркестрдің сүйемелдеуімен мемлекеттік Әнұран орындалып, Рәміздер күніне арналған мерекелік шараның шымылдығы ашылды.
Мемлекеттік рәміздер күніне орай биіктігі 92 метрлік басты Ту тұғырында көк
байрақ көтерілді. Сондай-ақ ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Жетісу
облысының 35 ауылында бір мезетте ту тұғырлары ашылып, мемлекеттік ту
желбіреді. Салтанатты шараны тамашалауға 3,5 мыңға жуық тұрғын қатысты.
Жұртшылықтың қолдауымен жүзеге асқан жоба ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас
ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты сіңіруге бағытталған. Шараға жиналғандардың
айтуынша, мұндай бастамалар елдік рухты нығайтып, мемлекеттік рәміздерге деген
құрметті арттыра түседі.
Бауыржан Барлыбаев, облыстық ақсақалдар
алқасының төрағасы:
Көк байрағымыздың астына тұрып, оның желбірегенін көру – әр азаматқа, қазақ халқына бір мейрам. Ол үшін ата-бабаларымыз қаншама тер төкті. Көк найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қаншама жерді алды. Сол көк Туымыздың желбіреп тұруы – біздің ұрпаққа, бізден кейінгі ұрпаққа міндет болуы керек.
Нұрислам Әбілдин, оқушы:
Біз үшін осы күнге жету жолында ата-бабаларымыз қаншама қан төгіп, небір соғыстарға қатысты. Біз осы күннің қадірін білуіміз керек.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28