Биыл тағы 96 мектеп пайдалануға беріледі
Елімізде жыл соңына дейін 96 мектеп пайдалануға беріледі. Соңғы үш жылда білім беру нысандарының құрылыс қарқыны айтарлықтай өскені байқалады. 2020 жылдан бері 1 мың 200 мектеп салынып, нәтижесінде ел аумағында оқушы орны саны 1 миллионнан асқан. Бұл үш ауысымдық мектеп санын 4 есе қысқартуға мүмкіндік берді. Биыл тағы 53 мың орынға шақталған 96 мектеп пайдалануға берілмек. Сонымен бірге қолданыстағы мектеп инфрақұрылымдарын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жалпы 3 жылда 1 мың 300 мектепті жаңарту көзделген. Оның 820-сы ауыл мектебі. Жаңғырту бағдарламасы басталғалы бері 215 білім беру ошақтары қайта жөнделді. Яғни мектептегі сынып бөлмелері, асхана, спорт залы, инженерлі коммуникация мен қауіпсіздік жүйелері ретке келтірілді.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17