Соңғы бес жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
Соңғы бес жылда ана өлімі 35 процентке азайды. 2024 жылдан бастап Қазақстанда фетальды медицина – емдеудің заманауи бағыты енгізілді. Бұл ұрықтағы патологияларды жатыр ішінде емдеуге жол ашты. Былтырдан бері «Аналар саулығы» бағдарламасы жүзеге асуда. Ол әйелдерге 15 тегін тексеруден өтуге мүмкіндік береді. «Бір күндік клиника» жобасы арқылы барлық қажетті тексерулер бір күнде жүргізіліп жатыр. Бүгінде жүкті әйелдердің 90 проценттен астамы ерте медициналық бақылауға алынады. Елімізде 273 қалалық, 152 ауылдық әйелдер консультациясы, сондай-ақ облыстық перинаталдық орталықтар жанындағы 24 консультация жұмыс істейді. Ана мен бала денсаулығын қорғау – мемлекеттік саясаттың басты басымдығы.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28