Медеу мұз айдыны маңында мереке өтіп жатыр
Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне орай мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр. Медеу мұз айдыны маңында Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран салтанатты түрде шырқалды. Ел рәміздеріне құрмет көрсету шарасына қала тұрғындары, жастар, қоғам қайраткерлері мен ардагерлер қатысты. Дәл қазір алматылық әріптесім Жазира Оразқызы сол жерден эфирге шығып тұр. Мереке қалай өтіп жатыр?
Жазира Оразқызы, тілші:
Біз қазір Медеуде тұрмыз. Алматыда мемлекеттік рәміздер күніне орай ауқымды мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Бағдарлама аясында салтанатты рәсімдер, конференция және ашық аспан астындағы мерекелік концерт өткізу жоспарланған. Ал кешкі уақытта Көк-Төбе алаңында Open-Air форматындағы мерекелік концерт ұйымдастырылады. Танымал эстрада жұлдыздары патриоттық әндер орындап, көрермендерге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Сондай-ақ Алматының барлық ауданында жекелеген мерекелік іс-шаралар өтеді. Мерекелік шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштікті қалыптастырып, бастысы - Мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға бағытталған. Егемен еліміздің айбыны мен бірлігінің белгісі саналатын ұлық мереке құттты болсын!
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27