Алматы облысы айшықты күнді әнұранмен бастады
Алматы облысында Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті. Айшықты мерекеде елдіктің нышандары ұлықталып, Отанға адал қызмет етіп жүрген азаматтар марапатталды.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Орталық алаңда Көк Ту көкке көтеріліп, көпшілік ерекше әсерге бөленді. Ал мерекенің көркін арттырған сәттердің бірі – тікұшақпен алып ұшқан Мемлекеттік Ту болды. Аспанда қалықтаған байрақ тұрғындардың патриоттық рухын көтерді.
Марат Сұлтанғазинов, облыс әкімі:
Жастардың патриоттық сезімін тәрбиеленге, өзіміздің ұлт, мемлекет екенімізді, бүгінгі біздің егемендіктің, Қазақстанның терең тарихы бар екенін айқындайтын айрықша күн деп есептейміз.
Мереке аясында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар
азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында саналы ғұмырын
білім саласына арнаған тәжірибелі ұстаздар да бар.
Бану Аманова, Шалқар орта мектебінің мұғалімі:
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Елтаңбамыз, әнұранымыз қалықтай берсін биікте. Қазақстан Республикасының көгіндегі көк туымыз желбірей берсін. Еліміздің даңқы асқақтай берсін! Рақмет бәріңізге! Мереке құтты болсын!
Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет қатарына жаңадан қосылған жас мамандар ант
қабылдап, ел мүддесіне адал еңбек етуге серт берді. Осылайша, Мемлекеттік
рәміздер күні ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұрпақ санасына отансүйгіштік рухты
сіңірген тағылымды мерекеге ұласты.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28