Лондонда машинистер тағы ереуілдетті
Лондонда метро жүргізушілері бүгін 24 сағаттық ереуілге тағы шықты. Себебі жұмыс беруші мен кәсіподақ ортақ мәмілеге келе алмай жатыр. Тұманды Альбиондағы меншікті тілшіміз қазір бізбен тікелей байланыста.
Марина Бекенова, тілші:
Машинистер жаңа жұмыс кестесіне және төрт күндік жұмыс аптасына көшуге қарсы. Кәсіподақтың пікірінше, өзгерістер енгізілген жағдайда жұмыс ауысымдары ұзарады. Метро жүргізушілері шамадан тыс шаршап, жолаушылар қауіпсіздігіне қауіп төнуі мүмкін. Кәсіподақ оның орнына жалақыны сақтай отырып, төрт күндік 32 сағаттық жұмыс аптасын енгізуді ұсынып отыр.
Джаред Вуд, кәсіподақ ұйымының өкілі:
Біз метро басшылығымен көп жыл бойы келіссөз жүргізіп, дегенімізге жеткен едік. Енді мынадай өзгеріс ұсынылып отыр. Негізі 4 күндік жұмыс аптасын қолдаймыз. Бірақ машинистердің жұмыс жағдайы мен қауіпсіздік ережелері назардан тыс қалмауы керек.
Марина Бекенова, тілші:
Ереуілдің зардабын бүкіл Лондон тартуда. Салдарынан метро жұмысында іркілістер пайда болды. Көлік қатынасы компаниясының мәліметінше, проблема бүкіл желіні қамтып, біраз бағыттағы пойыз саны қысқарды. Қала тұрғындары уақытында діттеген жеріне жете алмай, автобус, такси немесе велосипедке отыруға мәжбүр.
Автор
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27