Мемлекет басшысы Ұлттық банкке қаржы жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуді тапсырды
Ұлттық банк Үкіметпен бірге инфляция деңгейін баяулату бағытында кешенді жұмыс жүргізуде. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мемлекет басшысына есеп берді. Былтыр инфляция деңгейі 12,3 пайызға дейін бәсеңдегені баяндалды. Инфляцияның төмендеуі биыл да жалғасуда, мамыр айының мәліметіне сәйкес – 10,4 пайыз. Өткен жылы Қазақстанның алтын-валюта резерві рекордтық деңгейге жетіп, 65 миллиард доллардан асты. Ал Ұлттық қор активтері 64 миллиард долларға дейін ұлғайған. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері де 25 триллион теңгеден асқан. Мемлекет басшысы қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтауды, инфляцияны төмендету жұмыстарын жалғастыруды және озық цифрлық инфрақұрылымды одан әрі дамытуды тапсырды.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28