Жаңа су кодексінде ереже бекітілді
Ауыл шаруашылығында суды пайдалану үшін мемлекеттен рұқсат алу керек. Бірақ барлық жағдайда емес. Жаңа су кодексінде нақты ереже бекітілді. Жанел Нұрболатқызы тарқатады.
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Тыйым салынған жерден су алсаң, айыппұл төлейсің. Мұндай тәртіп бұрыннан бар. Бірақ нақты қандай жағдайда рұқсат алу керек екені түсініксіз еді. Жаңа су кодексінде ереже бекітілді. Талап тек кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары мен кәсіпорындарға қатысты. Енді олар өзеннен, көлден не жерастынан су пайдалану үшін инспекцияға егов арқылы өтінім жазу керек. Маңызды өзгерістің бірі – шалғай жайылымдардағы құдықтар мен ұңғымалар үшін рұқсат алу міндетті емес. Яғни малшыларға жеңілдік бар. Сонымен, өтініммен қоса қандай құжаттарды тіркеу керек? Әуелі өзіңізге қажет судың көлемін көрсетесіз. Сосын оны алу үшін не қолданасыз? Сорғы делік. Мүмкін ұңғыма шығар? Соның техникалық құжаттарын тіркейсіз. Бұдан бөлек, балыққа, жан-жануарға зиян тигізіп алмау үшін тор не өзге де арнайы құрылғы керек. Бөгет, канал секілді гидротехникалық құрылыстарға қосымша қауіпсіздік декларациясын алуға ұмытпаңыз. Қарапайым тілде айтқанда, бұл «суды дұрыс пайдаланып жатырмын, барлық талапты ескердім» деген ресми кепілдік. Оны алу үшін де егов арқылы экология министрлігіне өтінім жазу керек.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28