Азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері күшейді
Әкімшілік әділет енгізілгелі азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері күшейді. Бүгінде қарапайым азаматтар мен кәсіпкерлер мемлекеттік органдардың шешімдеріне сот арқылы шағымданып, өз құқықтарын қорғай алады. Ресми мәліметке сәйкес, мұндай даулардың 50 пайызы азаматтар мен бизнес өкілдерінің пайдасына шешілген. Осылай деген судьялар халықаралық форумда Әкімшілік әділеттің бес жылдағы нәтижелері мен оның заң үстемдігін нығайтудағы маңызын атап өтті. Іс-шараға қазақстандық және шетелдік судьялар, сарапшылар, ірі компаниялардың басшылары және халықаралық іскерлік қоғамдастық өкілдері қатысты.
Ұлан Қажыкен, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы:
Азаматтардың, жеке тұлғалардың, кәсіпкерлердің Үкіметке қатысты, мемлекеттік органдарға қатысты істері 8-15% болатын. Әкімшілік әділеттілік қабылданғаннан бастап 54% болып отыр. Бұл нені көрсетеді? Біріншіден, жеке тұлғалардың өзінің құқықтық жұмыстарын көрсетіп отыр Екіншіден, бұрынғы уақытта мемлекеттік органдардың өздерінің штаты болатын, заңгерлері болатын. Сондықтан азаматтар мен жеке тұлғалар жеңіліп жататын сот барысында. Қазіргі таңда Әкімшілік әділеттіліктің қағидаттарының арқасында эеңіске жетіп отыр.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17