Жылына 15 мың тонна қалдық өңделеді
Қостанайда қуаты жылына 15 мың тонна қағаз қалдықтарын өңдеуге жететін кәсіпорын жұмыс істейді.
Экономикалық жағынан ғана емес, экологиялық жағынан да тиімді өндіріс орны былтыр ашылған. Қазір жобада көрсетілген жеті желінің бесеуі жұмыс істеп тұр. 130 адам еңбек етеді. Толық қуатына енгенде олардың саны 200-ге дейін жетуі тиіс. Кәсіпорын басшысы осылай дейді. Қажетті шикізат – яғни, қағаз өнімдерінің қалдықтары тек Қостанай облысынан ғана емес, жалпы еліміздің солтүстік өңірлерінен жиналады. Жобаға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп отыр.
Әнуар Түлекпаев, «Север-Комбинат» ЖШС директоры:
Біз қажетті жабдықтарды өндірісті қолдау қоры арқылы 10 жылға есептелген лизингтік жүйемен сатып алдық. Бұл үлкен жеңілдік. Несиені 2027-ші жылдан бастап қайтара бастаймыз. Мемлекет көмегі жаңадан ашылған кәсіпорынның жұмысы алға басуына зор серпні береді.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28