Балалар қауіпсіздігі: Ата-аналар нені ескеруі керек?
Балалардың жазғы демалысы кезінде қырағы болмаса болмайды. Көлік астына түсіп қалуы, қауіпті жерлерде, мысалы, құрылысы тоқтап қалған ғимараттарда ойнауы, терезеден құлап кетуі, су айдындарына, каналдарға, өзен-көлге батып кетуі әп-сәтте. Былай қарасаң, бәрі білетін ережелер. Бірақ ылғи солай болып жатады.
Балалардың өздерінен бастап, ата-аналарға қалай бұлжытпай орындайтын тәртіп қыламыз? Екінші жағы бар: жазда балалардың демалатын орны жеткілікті ме? Әсіресе елді мекен, ауыл-аймақта. Иә, әр ауылға бассейн салып беру мүмкін емес. Онда каналдар мен көлдердің жағасынан суға түсетін қауіпсіз орын дайындаса болмай ма?
Қозы
Көрпеш Жасарал, тілші:
Бұл жылда көтерілетін тақырып. Айтудан жалықпаймыз! Себебі бейқамдықтың кесірінен балалардан айырылып қалып жатамыз. Міне, көше бойындағы мынадай кілт бұрылыстар қателікті кешірмейді. Көлік астында көз жұмған балалардың көбісі жеті жасқа жетпеген. Осыдан-ақ, баланы қараусыз қалдыру қандай қауіп екенін бағамдай беріңіз.
Гүлнұр Құдайбергенова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
Елімізде жалпы, балалардың қатысуымен 3 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болды. Оның ішінде 71 бала қаза тауып, 4 мыңнан астам бала түрлі дене жарақаттарын алды.
Бұл биылғы бес айдағы дерек. Ал былтыр жол апатынан 285 бала қаза тауып, 12 мыңнан астамы жарақат алған. Кейінгі кезде велосипед пен самокат мінген балалардың жолдағы қауіпсіздігі алаңдатып отыр.
Айдар Сенбайұлы, жүк көлігінің жүргізушісі:
Барлық жағдайда шопырлар кінәлі бола бермейді ғойПешеходта жасыл жанды екен деп зомбилар сияқты тура алдыға қарап жүре береді. Оңға, солға қарай салудың қиындығы жоқ қой. Жанымызды шүберекке түйіп, бала-шаға бағып жүрміз ғой.
Рас, жүк көлігін қала ішінде жүргізу оңай емес. Шұғыл жағдай кезінде тоқтату тіпті қиын. Кабинада отырған жүргізуші төңіректі түгел көре алмайды.
Қозы Көрпеш Жасарал, тілші:
Қазір мен жүк көлігінен бір жарым метрдей алыс тұрмын. Сырт көзге қарағанда қауіпсіз қашықтық сияқты. Бірақ, қате деген аяқ астында. Міне, бір-екі қадам алға басқаным сол еді, жүргізушінің айнасынан ғайып болдым. Ал дәл қазір мен тұрған жер – жүк көлігінің соқыр аумағы. Бұл – жүргізуші айналар арқылы да, тікелей де көре алмайтын кеңістік. Яғни, сыртта адам бар болғанымен, кабинадан ол мүлде байқалмайды. Әсіресе, балалар. Сондықтан жолдағы қауіп тек жылдамдықпен өлшенбейді. Кейде ол бірнеше метрмен, тіпті бір сәттік қателікпен де байланысты//
Бала қауіпсіздігі салғырттықты көтермейді. Сондықтан министрлік енді жол жүру ережесін жеке пән ретінде оқытпақ. Жаңа пәннен педагогтер мен психологтар сабақ береді. Оны 5-9-сыныптарға енгізу жоспарланып отыр.
Жомарт Қарамбаев, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары:
Балаларды жолда жүру ережелеріне оқыту жұмысы білім берудің барлық деңгейіндегі тиіптік оқу бағдарламалары аясындағы және сыныптан тыс іс-шаралар арқылы жүргізіледі. Оқушылар жол белгілері мен сызықтарын талдай отырып, оқу маршурдтарынан міндетті түрде өтеді.
Жаздыгүні жазайтайым жағдайлар жиілейді. Қазір Астанадағы көпбейінді балалар ауруханасында күніне 400-ге жуық жеткіншекке медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Динат Қожекенов, №2 Көпбейінді балалар ауруханасы директорының орынбасары:
2024 жылы 63 бала құласа, бізде міне, 5 ай енді ғана бітті. 20 бала терезеден құлады. Терезеден көп құлау жазғы айларда тіркеледі.
Талдау деректеріне сүйенсек, тұрғын үйлердің 42 пайызында терезеге арналған қорғаныс құралы орнатылмаған. Дұрысы селқостық басым десе болады. Ал көпшілік...
Қозы Көрпеш Жасарал, тілші:
Жаз келсе болды, терезені ашып тастап, самал жел кірсе дейміз. Бірақ, дәл осы ашық терезеден қауіптің де келетінін ескере бермейміз. Масадан қорғайтын мына қорғаныш торы сіздің балаңыздың қауіпсіздігіне кепілдік бермейді. Бар болғаны 1,5-2 келі салмақты ұстайды.
Нұрболат Талғат, кәсіпкер:
Қазір бәріміз балалар үшін өмір сүріп жатырмыз. Балалардың өмірі өте маңызды. Жаз келгелі, осындай решеткаға көп тапсырыс келіп жатыр. Майыстыратын болсаңыздар, өте қиын мұны сындыруға. 8 мм ең мықтыс 150 келіні ұстайды.
Былтыр 239 бала терезеден құлап, 45-і көз жұмған. Ал биылдың өзінде «112» қызметіне 93 хабарлама түскен. 86 бала жарақат алып, 7-еуі қайтыс болған. Психолог Ержан Мырзабаев ең қауіпті топқа 2,5-3 жастағы балалар жататын айтып отыр.
Ержан Мырзабаев, психолог:
Баланың ішінде қызығушылық қорқудан басым болады. Бұл баланың ешкімді тыңдамайтын кезең. Баланың санасымен жұмыс істей алмайсыз. Баланың санасымен емес, ата-ананың санасымен жұмыс істеу керек.
Нәзипа Шанай, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі:
Қоғамға айтқым келеді, бүкіл мәселені үкімет шешу мүмкін емес. Себебі, сіздің есік-терезеңіз жабық, отбасыңыздың ішіндегі мәселе, сіздің сол отбасының ішінде сіз бекіткен Конституцияға байланысты.
Өйткені, бала айтқаннан бұрын, көргенді істейді. Ал біз балаларға не көрсетіп, не айтып жүрміз осы?
Ержан Мырзабаев, психолог:
Қазіргі таңда ата-аналардың балалармен байланысы жоқ. Балалармен диалог жоқ. Балам үйтпе, бүйтпе деп айту жеткілікті емес. Сізде эмоционалдық жақындық болмаса, балаңызға сіздің сөзіңіз өтпейді.
Жауапкершілік жүгі деген болады. Бала да солай. Адамға берілген аманат. Алайда, бұған да бейқам бұқара бар. Өзен бойында отырған өңірлерде өкінішті жайттар жиіледі. Биыл бір ғана Түркістан облысында 12 бала суға кеткен. Соның соңғысы Келес ауданында тіркелді. Дерекке сүйенсек, бір үйдің екі баласы Ошақты суару каналына құлап кеткен.
Төтенше жағдай қызметі рейдтік шараларды күшейткен. Тыйым салынған аумақтарды аралап, жадынамалар таратып жатыр. Бірақ мұнымен мәселенің шешілмейтіні анық. Әр ауылға жағажай салуға мүмкіндік жоқ. Сондықтан...
Нәзипа Шанай, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі:
Терезеден құлап кеткен, суға кетіп қалған ата-анаға қойылатын заңды талап жоқ. Ең бірінші баланың сапалы өмірі үшін жауапкершілік енгізу керек деп санаймын.
Балаға бірдеңе болса, күнәдан бұрын кінә іздейтіндер көп. Бірақ кейде бейқамдықтық бар. Ал салғырттық соңы орны толмас өкінішке ұласуы мүмкін. Сондықтан баланың қауіпсіздігі – заңның да, жүйенің де емес, ең алдымен сіз бен біздің мойнымызда екенін ұмытпасақ дейміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы