Ақтөбеде екі апта бойы жаңбыр басылмай тұр
Ақтөбеде нөсер жаңбыр жауып тұрғанына екі аптадан асты. Табиғаттың тосын мінезі тұрғындар мен коммуналдық мекеме мамандарын әбден әбігерге салды. Оларды синоптиктердің алдағы күндерге арналған болжамы да қуантып отырған жоқ.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Ақтөбеліктер қазіргідей күннің көзін сирек көретін болды. Соңғы екі апта бойы толассыз жауған жаңбыр мөлшері жарты жылдық нормадан асып кеткен. Бұрын құрғап жататын Сазды өзені суға толды. Өйткені арықтар мен көшелерден аққан су өзенге жіберіліп жатыр.
Нөсер жауын ақтөбеліктерді өткен түнде де қатты әбігерге салды. Кейбір
көпқабатты үйлердің шатырынан су өткен. Тұрғындар баспаналарының ішін әлі
тазалап жатыр. Бесінші қабаттан аққан су төменге дейін жеткен. Азамат Бегімұлы
мұндай жаңбырды бұрын-соңды көрмегенін айтады. Ол бүлінген пәтерлерді қалпына
келтіруге әкімдіктен көмек сұрайды.
Азамат Бегімұлы, Ақтөбе тұрғыны:
Кешегі жаңбыр, тоқтаусыз жауын кесірінен осылай қатты ағып кетті. Мен, мысалы, төртінші қабатта тұрамын, бесінші қабат мүлдем қатты кетті, бізге де барды, бірінші қабатқа да су кетіп қалған.
Әсіресе өткен аптаның соңындағы нөсер жауын коммуналдық мекемелердің жұмысына
үлкен сынақ болды. Шаһар көшелері мен арықтар әп-сәтте суға толды. Көліктер мен
жаяу жүргіншілер діттеген жеріне уақытында жете алмады. Мамандар
күні-түні жұмыс істеп, жиналған суды құрғатты.
Талғат Наурызов, қалалық ТҮКШ бөілімінің инспекторы:
Екі ауысыммен 110 ассенизаторлық машина және де бес сорғы машинасы жұмыс істеп тұр. 30 суды төгу орындары бекітілді. Қазіргі таңда 140 мың куб су шығарылды.
Бұған дейін кейбір тұрғындар жаңбыр суының өзенге құйылуына наразылық білдірген еді. Алайда әкімдік өкілдерінің айтуынша, алаңдауға негіз жоқ. Өйткені барлық талап сақталған. Ал синоптиктер осы аптаның соңына дейін жаңбыр жауатынын айтады.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32