Жапонияда аюлардың шабуылы жиілеп кетті
Жапонияның Уцуномия қаласында 94 бастауыш және орта мектеп уақытша жабылды. Өйткені елді мекенге алғаш рет аю кіргені мәлім болып отыр. Ол жарты миллион адам тұратын қала паркінде сенбі күні бақылау камерасына түсіп қалған және де хайуан бүгін орта мектептердің бірінен жарты шақырым жерде байқалды.
Айта кетсек, кейінгі кездері Жапонияда аюлардың адамдарға шабуылы жиілеп барады. Тіпті мұндай оқиғалар қала кварталдарында да бірнеше рет тіркелді.
«Эн-эйч-кей» телекомпаниясының хабарлауынша, биыл сәуір айынан бері Жапонияның 47 префектурасының тоғызында аюлар 4 адамды өлтіріп, 21 тұрғынды жаралаған.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03