Астанадағы балабақшада экологиялық танымдық шара өтті
Бүгін елордадағы балабақша тәрбиеленушілері экологиялық іс-шараға қатысты. Онда 4-5 жас аралығындағы бүлдіршіндер экология тақырыбында танымдық мультфильмдер көріп, табиғатты аялау, айналаны таза ұстау туралы дәріс тыңдады. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған шарада балалардың жасына сай әр ақпаратты түсіндіру ойын түрінде ұйымдастырылды. Айта кету керек, мұндай танымдық экоакцияны қалалық №7 балалар кітапханасы ұжымы өткізген. Бөбекжайдағы балдырғандарға экология тақырыбын етене таныстыру алдағы уақытта да жалғасын табады. Себебі: «қоршаған ортаны қорғау кішкентай күннен бастау алуы тиіс», - дейді ұйымдастырушылар.
Кенжегүл Әбдікәрімова, балалар кітапханасының кітапханашысы:
Танымдық іс-шараларымыздың негізгі беру мақсаты – балаларымыздың осы өмір сүріп жатқан ортасында табиғаттың берері мол екенін айтып өту. Оларға осылай жердің өмірге, өздерінін өміріне керек екенін жеткізе, айтқыза білу керек. Осылай табиғаттын, экологияның жай ғана зат емес, бұл өмірімізге керек зат екенін түсіндіріп, айтып өту - негізгі мақсатымыз. Осы тұрып жатқан ортамызды таза және ұқыпты ұстау, сондай мақсатта балаларымызды шақырытып отырмыз.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28