Бибісара Асаубаева FIDE Women’s Circuit рейтингінде көш бастады
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева FIDE Women’s Circuit әйелдер рейтингінің жаңартылған тізімінде бірінші орынға көтерілді. Бұл туралы Халықаралық шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Отандасымыз жалпы 51,30 балл жинап, екі жылдық циклдің аралық рейтингінде көш бастады. Бұған дейін қазақстандық шахматшы төртінші орында тұрған еді. Бибісара Асаубаева бұл жетістікке Норвегия астанасы Ослода өткен беделді Norway Chess Women-2026 турниріндегі сәтті өнер көрсетуінің арқасында жетті. Сол жарыстағы жеңісі Асаубаеваға бірден 29,7 рейтингтік ұпай әкеліп, айқын басымдыққа ие болуына мүмкіндік берді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17