ҰБТ: Талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады
Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғалы талапкерлер 187 мың сынақ тапсырды. Төртінші аптаның қорытындысы бойынша түлектердің 67%-ы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа балл: 64. Ең жоғары нәтиже – 140 балл. Оны павлодарлық Әсет Альтаир жинады. Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдерінің ақпаратынша, ҰБТ-ға кірген талапкерлердің 73%-ы тестілеуді қазақ, 27%-ы орыс тілінде тапсырған. 323 оқушы ағылшын тілін таңдаған. Білім сынағы кезінде қазірге дейін 391 ереже бұзу дерегі анықталды. 246 талапкер смартфон, смарт көзілдірік, микро құлаққап, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 145 адам ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылған.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17