Талдықорғанда 3 жасар қызын ұрып-соққан әкеге сот үкімі шықты
Талдықорғанда 3 жасар қызы мен жұбайын ұрып-соққан ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Тергеу барысында бүлдіршіннің бұған дейін Түркияда бауыр трансплантациясы бойынша күрделі отадан өткені анықталған. Жұбайының айтуынша, күдікті мас күйде өзін де, қызын да соққыға жыққан.Зәбір көрген баланы облыстық балалар ауруханасына жеткізген. Дәрігерлер баланың денесінде сау тамтығы қалмағанын байқап, полицияға хабарлаған. Бастапқыда іс денсаулыққа ауыр зиян келтіру бабы бойынша тергелсе, кейін қинау және ұрып-соғу бабы бойынша қайта сараланды. Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Ал зардап шеккен анасы мен қызы қазір ем-дом қабылдап жатыр
Жанар Темірханқызы, облыстық ПД ресми өкілі:
Оқиға 2 ақпанда болған. Полиция күдіктіні жедел түрде анықтап, ұстаған. Азаптау және ұрып-соғу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп, іс сотқа жолданды. Талдықорған қалалық соты 29 мамырда айыпталушыны кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27