Қазақстандықтар зейнетақы қорынан 5,8 трлн теңге шешіп алған
Соңғы бес жарым жылда қазақстандықтар зейнетақы жинағынан тұрғын үй мен ем-домға 5,8 трлн теңгеден астам қаржы пайдаланған. Ең жоғары көрсеткіш 2021 жылы тіркеліп, алынған қаражат көлемі 2,6 трлн теңгеге жетті. Ал 2025 жылы бұл сома 1 трлн теңгеден асты. Қор өкілдерінің айтуынша, мерзімінен бұрын алынған қаражат көлемі кей жылдары қорға түскен жарналардан да асып кеткен. Бұл зейнетақы жинақтарының инвестициялық табысын азайтып, болашақтағы зейнетақы мөлшеріне әсер етуі мүмкін. Бүгінде жинақтың шамамен 40%-ын инвестициялық табыс құрайды, ал, халықаралық тәжірибеде ол 80%. Қор мамандары зейнетақы жүйесінің негізгі мақсаты азаматтарды қартайғанда тұрақты табыспен қамтамасыз ету екенін атап өтті.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17