4 айда негізгі капиталға салынған инвестиция – ₸4,9 трлн
Елімізде биылғы төрт айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6,7 пайызға өсіп, 4,9 триллион теңгеге жетті. Былтыр Қазақстанға тартылған тікелей инвестициялар көлемі 20,5 млрд доллар болды. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 14,4%-ға көп. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 6,5%, оның ішінде нақты сектор 8,7%-ға, қызмет көрсету саласы 5,2%-ға өсті. Мұнда көлік, құрылыс, сауда, тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы салаларының үлесі басым.
Арман Қасенов, Ұлттық экономика вице-министрі:
Елімізде инвестиция тарту мақсатында инвесторларды қолдаудың кешенді жүйесі қалыптасқан. Оған шетелдік өкілдіктер, орталық мемлекеттік органдар және өңірлік деңгейдегі құрылымдар кіреді. Әр аймақта нақты инвестициялық жобалар қамтылған бағдарламалар әзірленіп, олар бойынша инвестор тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Moody’s, Standard & Poor’s және Fitch халықаралық рейтингтік агенттіктері Қазақстанның инвестициялық сенімділік деңгейін растап отыр.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04