Жетісу облысында қырықтан аса экожоба ұйымдастырылған
Жетісу облысында жыл басынан бері өзен-көлдер мен ауыл-аймақтардың аумағын ретке келтіру үшін 40-тан астам экожоба ұйымдастырылып, оған 84 мыңнан астам тұрғын қатысты. Белсенділер 5 мың тоннаға жуық қоқыс шығарып, 58 мың көшет отырғызды. Алайда өңірде заңсыз қоқыс тастау деректері әлі де азаймай тұр. Биылдың өзінде 43 заңсыз полигон анықталып, табиғатқа зиян келтіргендерге 300 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. Сала мамандары Жетісу жерінің тазалығын сақтауға бағытталған жұмыстар әлі де жалғасатынын айтады.
Тілеухан Байқуатов, облыстық
экология департаментінің басшысы:
2026 жылдың 5 маусымындағы жағдай бойынша 43 заңсыз қоқыс үйіндісінің 8-і жойылған. Геопортал жүйесінің деректеріне сәйкес, 2025 жылы облыста 165 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталған болатын. Осы бойынша көрсеткіштер былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір азайған.
Табиғатты қорғау тек тұрғындарға жүктелген
міндет емес. Бұл істе өндіріс орындарының жұмысын мұқият қадағалау өте маңызды. Осы орайда
облыстағы экологтар зауыттар мен
кәсіпорындардың қоршаған ортаға келтірер зиянын азайтуға атсалысып жүр. Олар
жыл сайын өндіріс нысандарындағытабиғатты қорғау талаптарының сақталуына
бақылау жасайды.
Руфат Құрманғалиев, экологиялық
жобалау ұйымының жетекшісі:
Бізде өндіріс дамып, өсіп келе жатыр. Соларға біз жобада барынша нормативтерін азайтып, жұмыс істеп келе жатырмыз. Жер, су, ауаға зардаптарын жобада азайтып, адамзатқа зиянын төмендетіп келеміз.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28