Шетелден келетін туристер 4 миллионға жетуі мүмкін
3 жылда ішкі туристер саны 11 миллионға, сырттан келетіндер саны 4 миллионға жетуі мүмкін. Жауаптылар кешенді жоспар түзіп, бүгін министрлер кабинетіне таныстырды. Биыл Бурабай курорттық аймағында 5 инвестициялық жоба жүзеге аспақ. 5 жұлдызды қонақүйлермен қатар, көшпелілер мәдениетін паш ететін ашық аспан астындағы бірегей музей салынады. Министр сөз арасында іске асқан жобаларға да тоқталды. Мәселен, өткен аптада Балқаш әуежайында күрделі жөндеу аяқталды. Енді Алматы мен Астанадан Балқашқа тікелей ұшуға болады. Билет бағасы бір бағытқа 16 мың теңге. Ол үшін әуе компанияларына жыл соңына дейін 300 миллион теңгеден аса субсидия құйылған.
Ербол Мырзабосынов, Туризм және спорт министрі:
Саланың ел экономикасына қосқан үлесі 5 трлн теңге деңгейінде. Атап айтқанда, туристік автобустар үшін «жасыл дәліз» тетігі енгізілуде. Бұл ұйымдастырылған туристік топтардың мемлекеттік шекарадан өту уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17