Үлкен Алматы көлінің маңы қоқыстан тазартылды
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Үлкен Алматы көлінің аумағында ауқымды тазалық жұмысы өтті. Іс-шараны Ионосфера институты мен Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бірлесіп ұйымдастырды. Жыл басынан бері ұлттық парк аумағынан 300 тоннадан аса қоқыс шығарылған. Мамандардың айтуынша, табиғатты қорғау жұмысына еріктілер де белсенді атсалысып келеді. Үлкен Алматы көлі – өңірдегі ең маңызды табиғи нысандардың бірі. Сондықтан оның экожүйесін сақтау мен тазалығын қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Бүгін аумақ қоқыстан тазартылып, қалдықтар сұрыпталды. Сонымен қатар еріктілер келушілерге табиғатты қорғау жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді дейді.
Жансая Айтмұхаметқызы, «Іле Алатауы МҰТП» РММ бөлім басшысы:
Шара қолданылады. Оған арнайы айыппұл да қарастырылған. Ең бірінші ескерту жұмыстары, экологиялық ағарту жұмыстары көбінесе атқарылады. Арнайы инспекторларымыз бар. Қызметкерлеріміз бізбен бірге әрдайым жұмыс жасайтын еріктілер, эко-белсенділер келушілермен жұмыс жасаймыз.
Берік Ысқақов, Ионосфера институты директорының орынбасары:
Бүгін Іле-Алатау паркімен бірігіп, Үлкен Алматы көлінің маңын тазалауға үлесімізді қосып жатырмыз. Жас ұрпақ таза ұстауға және табиғатты аялауға үлесін қосады деген ойдамыз.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28