Telegram-да алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Абайлаңыз! Telegram-дағы аккаутыңыздан айырылуыңыз мүмкін. Алаяқтар жұртты алдап, арбауына түсірудің жаңа тәсілін ойлап тапты. Қалай дейсіз ғой? Тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес айтады.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Telegram-да аккаунт ұрлауға бағытталған жаңа алаяқтық схема анықталды. Әккілер өзін мессенджердің ресми қызметі ретінде таныстырып, қолданушыға аккаунтын жою туралы өтініш түскені жөнінде хабарлама жібереді. Онда «егер бұл әрекетті өзіңіз жасамаған болсаңыз, аккаунтыңызды сақтау үшін сілтемеге өтіңіз» деген ескерту көрсетіледі. Алайда бұл – кибералаяқтардың кезекті айласы. Сілтемеге өткен қолданушыдан растау коды сұралады. Кодты енгізген сәтте алаяқтар аккаунтқа, жеке хаттар, байланыс нөмірлері мен өзге де деректерге қол жеткізеді. Мамандар күмәнді сілтемелерге өтпеуге, ешкімге растау кодын бермеуге және міндетті түрде екі сатылы қорғанысты, яғни қосымша құпиясөзді қосуға кеңес береді. Сондай-ақ хабарлама қаншалықты ресми көрінсе де, оның шынайылығын мұқият тексеру қажет. Ал жалған аккаунтты қалай тануға болады? Ресми Telegram сервистік аккаунттарында әдетте «жақында желіде болды» деген мәртебе көрсетілмейді. Күмәнді профильдерде «Ресми емес аккаунт» белгісі болуы мүмкін, аккаунттың жақында тіркелгені байқалады немесе «Бұғаттау» батырмасы шығып тұрады. Ал ресми жүйелік хабарламаларда мұндай белгілер кездеспейді. Ең бастысы – Telegram ешқашан аккаунтты сақтау немесе жоюды тоқтату үшін боттар арқылы код сұрамайды.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28