Сарапшы: Шекті соманың өсуі – болашақ зейнетақының кепілі
20 жастағы азаматтар зейнетақы қорындағы жинағын үй алуға немесе емделуге жұмсау үшін есепшотында кем дегенде 6 миллион 730 мың теңге болуы тиіс. Жаңа талап осындай. Cарапшылар шекті соманың бекер өспегенін айтады. Бұл – жастардың болашағын ойлап жасалған маңызды қадам дейді. Өйткені қордағы азын-аулақ ақшаны қазір қажеттілігіне жұмсап жіберсе, қартайғанда зейнетақысыз қалу қаупі жоғары екенін жеткізді. Сондай-ақ бұл талап халықаралық тәжірибеге сүйеніп есептелген.
Елена Бахмутова, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы:
Жастар үшін бұл сома өте үлкен көрінуі мүмкін, бірақ дәл осы ақша ертең қартайғанда ештеңеге жетпейді. Сондықтан еңбек жолын енді бастаған жастар бұл ақшаны қордан алуға асықпай, болашақ қарттығы үшін сақтауы керек. Біздің мақсатымыз – азаматтар зейнетке шыққанда, өмір бойы бұрынғы жалақысының 40 пайызын алып тұруын қамтамасыз ету. Кім болып жұмыс істесеңіз де, жарнаны ай сайын үзбей төлеп тұру маңызды.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 20:01
Алматыда емхананы ауыстыру талаптары жеңілдетілді
15.09.2026, 19:53
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28