Басты Жаңалықтар Тіршілігі қайнаған берекелі ауыл

Тіршілігі қайнаған берекелі ауыл

Әр үшінші балаға 1 мың доллар көлемінде қаржылай көмек, үйдің жөндеу жұмысы мен көлік алуға пайызсыз несие беру. Бұл ауыл кәсіпкерінің жерлестеріне деген қамқорлығының бір парасы. Ақмола облысының Есіл ауданындағы Юбилейное ауылына орталықтандырылған су мен газ жүйесі жергілікті кәсіпорын есебінен осыдан он шақты жыл бұрын өткізілді. Кәсіпкер елдімекендегі әлеуметтік нысандарды да өз қамқорлығына алған.

Асылжан Ерланқызы Юбилейное ауылына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 2023 жылы келген. Жас маманға жергілікті кәсіпорын тарапынан бірден 3 бөлмелі баспана беріліп, көлік алуына пайызсыз қаржылай көмек көрсетілді. Ал екіге толмаған баласы шағын орталыққа тегін барып жүр.

Асылжан Ерланқызы, жалпы тәжірибедегі дәрігер:

Біздің ауылымызда бала туу көрсеткіші өте жақсы. Әр жыл сайын 8-10 баладан кем емес босанады. Себебі, барлық жағдай жасалған. Яғни, әр үшінші балаға 1000 доллардай қаржылай көмек беріледі.

Юбилейное ауылындағы тұрмысты қала деңгейіне көтеру үшін жергілікті кәсіпкер жыл сайын өз табысынан шамамен 300 млн теңге қаражат жұмсайды. Барлық әлеуметтік нысандар кәсіпкердің қамқорлығында. Мәселен, жуырда  ауылдағы шағын орталықтың күрделі жөндеу жұмысына 100 млн теңге жұмсалды. Жасөспірімдер үшін 80 млн теңгеге заманауи стадион салынды.

Валерий Тюркин, кәсіпкер:

Бұл менің туып-өскен жерім болған соң, ауылдастарымның тұрмысы жоғары деңгейде болуын қаладым. Сондықтан жыл сайын қомақты қаражатты әлеуметтік жобаға жұмсап отырамын. Ауылдың жартысынан көбі менің кәсіпорнымда еңбек етеді. 30 шақты адамды су мен газ жүйесін күтіп ұстау және елдімекенді көгалдандыру мен абаттандыру саласында еңбек етеді. Олардың жалақысын өзім төлеймін.

Бүгінде ауылда жұмыссыздық мүлдем жоқ. Бұл Валерий Тюркиннің кәсіпкер ретінде әлеуметтік жауапкершілігің арқасында,-дейді жерлестері. Газ жүйесін де 2018 жылы орнатып, әр үйге тартқан. Ауыз су да үйге кіргізілген. Сондықтан жергіліктің халықтың тіршілігі қайнанаған, берекелі ауылдан көшкісі жоқ.

Зульфия Мардамшина, юбилейное ауылының тұрғыны:

Ауылымызда газ, үйде су бар, біз қаладағыдай тұрамыз. Өте жақсы. Пеш жақпаймыз, су тасымаймыз, бәрі де жақсы.

Маржан Жылқыбаева, Юбилейное ауылының тұрғыны:

Жоқ, бұл жерден көшкім келмейді менің, 9 жыл болды осы жерде тұрып жатқаныма. Жолдасым екеуіміз. Екі баламыз бар, ұлымыз бар, қызымыз бар. енді бұл жерден көшкіміз келмейді. Бұндай ауыл енді жоқ шығар, ауданда жоқ. Облыста да жоқ-ау.

Ауылда бүгінде қаңырап бос тұрған бірде-бір үй жоқ. Кәсіпкер барлығын жөндеп, жас мамандарға берген. Жаңадан салынған үйлер де бар. Алда бұл жұмысты қайта қолға алуды жоспарлап отыр.

Бөлісу