C5+1: Астанада халықаралық отырыс басталды
Астанада C5+1 форматындағы халықаралық отырыс басталды. Орталық Азия мемлекеттері мен АҚШ өкілдері қатысып жатқан жиында бірлескен жобалар талқыланады. Жанел Нұрболатқызы қазір тікелей байланысқа қосылып, толығырақ баяндауға дайын. Жанел, Күн тәртібінде қандай мәселелер бар?
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Жиын жаңа ғана басталды. Мұнда АҚШ-тың арнайы елшісі және Орталық Азия мемлекеттерінің министрлері келген. Біздің тараптан өнеркәсіп және құрылыс министрі қатысып жатыр. Негізгі тақырып – геологияны дамыту.
Қазақстанда пайдалы қазбаларды
барлауға арналған инвестицияның көлемі былтыр 100 млрд теңгеге жетті. Бірақ бұл
жеткіліксіз. Сондықтан бүгінгі форумның біздің елге берері көп. Жаңа ірі
жобаларға жол ашылмақ. Тараптар инвестиция тарту, инфрақұрылымды дамыту және
жер қойнауын зерттеуде жаңа ғылыми тәсілдерді енгізу жұмыстарын талқылайды.
Әл-Фараби Ідірішев, Өнеркәсіп
және құрылыс министрлігінің өкілі:
Бүгін күн тәртібінде 3 мәселе көтеріледі. Бірінші мәселе геологияға байланысты, екінші мәселе өндіріске байланысты, үшінші мәселе Қазақстан халықаралық нарыққа қалай шығады, біздің металдар мен минералдармен қандай орын алады, сол талқыланады.
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Қонысбек, айта кету керек, С+5 форматында келіссөз өткізу жөнінде тараптар былтыр мемлекет басшысының Вашингтонға сапары кезінде келіскен еді. Содан бері онлайн форматта біраз жиын өткен еді. Бүгін міне алғаш рет бетпе бет кездесу өтіп жатыр. Бұл бастауы ғана. Ертең Премьер-министрдің қатысуымен дәл осы тақырыпта ауқымды жиын өтеді.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаһан жаңалықтарына шолу
10.06.2026, 20:52
Су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
10.06.2026, 20:50
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті
10.06.2026, 20:47
Таза көшелерде маңдай тердің табы бар
10.06.2026, 20:46
3 жылда Бибісара Асаубаеваға 700 млн теңге қолдау көрсетілген
10.06.2026, 20:44
Ертең футболдан Әлем чемпионаты басталады
10.06.2026, 20:42
«Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы бекітілді
10.06.2026, 20:14
Ескі үйлер арзандап, жаңасы қымбаттады
10.06.2026, 20:12