Басты Жаңалықтар 115 мың адам мобильді аударымдар лимитін асырған

115 мың адам мобильді аударымдар лимитін асырған

Қазақстанда 115 мың адам мобильді аударымдар бойынша лимиттен асып кеткен. Қаржы министрі Мәди Тәкиев осындай аударымдар жасаған азаматтарға хабарлама жіберілгенін мәлімдеді. Министрлік жеке тұлғалардың аударымдары бойынша үш ай бойы 10 банкпен бірлесіп жұмыс атқарған. Нәтижесінде азаматтардың әрқайсысы ай сайын жалпы сомасы 1 миллион теңге болатын 100-ден астам аударым жасаған. Осындай 115 мың адамның аударымдарының жалпы сомасы 1 триллион теңгені құрады. Олардың дені жеке тұлғалар. Министр сондай-ақ Қазақстанның резиденті емес 7800 адам да мобильді аударымдар алғанын айтты. Оларға қатысты бақылау күшейтілді.

Мәди Тәкиев, Қаржы министрі:
Барлығына хабарлама жіберілді. Мақсатымыз - жазалау емес, жағдайдың қалай болғаны туралы түсініктеме алу. Олардың арасында такси қызметін көрсететін жеке тұлғалар мен курьер көп. Мобильді аударымдарды қолданушылардан ақшаның қайдан келгенін, қайда аударылғанын сұраймыз. Бұған қоса, жеке кәсіпкерлер де бар. Олар 200 миллиард теңге аударды.


Бөлісу