Браконьерлерден 8 тоннадан астам балық тәркіленді
Екі айға созылған «Бекіре-2026» акциясы аясында 1 239 құқықбұзушылық дерегі анықталды. Браконьерлерден 8 тоннадан астам балық тәркіленді. Заң талаптарын бұзған азаматтарға 26 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Рейдтік іс-шара нәтижесінде заңсыз айналымнан алынған 8 тонна 461 келі балықтан бөлек 10 келі 724 грамм бекіре тұқымдас балық уылдырығы да тәркіленген. Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы су айдындарында бақылау жұмыстары күшейтіліп, тұрақты рейдтер жалғаса бермек.
Нұрлыбек Гайсин, «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік
балық шаруашылығы инспекциясының директоры:
57 іс сотқа жолданды. 25 млн 900 мың теңге шамасында айыппұл салынды. 33 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ 1230 дана балық аулау құралдары және 106 көлік жүзу құралдары тәркіленді.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32