Сот академиясы магистратура мен докторантураға қабылдауды бастады
Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот академиясына барлық кәсіби заңгерлер оқуға түсе алады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникация қызметінде брифингінде айтылды. Қазір магистратура мен докторантураға құжат қабылдау жүріп жатыр. Үміткерлер білім деңгейі мен кәсіби тәжірибесіне сәйкес іріктеуден өтеді. Академияда сондай-ақ докторантура бағдарламасы жүзеге асырылып, ғылыми және кәсіби бағыттар бойынша мамандар даярланады. Құжат қабылдау жаздың соңына дейін жалғасады.
Қанат Мусин, ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот
академиясының ректоры:
2025 жылдан бастап жұмыс орнына қарамастан барлық кәсіби заңгерлерге тегін оқу мүмкіндігі берілді. Академияға тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, адвокаттар, нотариустар, заң кеңесшілері, корпоративтік заңгерлер, жеке сот орындаушылары және мемлекеттік емес сектордың басқа да өкілдері түсе алады.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04