Кітап оқуды дәріптеген байқау мәреге жетті
Алматыда «Кітап оқып, тұлға боламын» республикалық жобасының қорытынды кезеңі өтіп, үздік қатысушылар марапатталды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпараттық қолдауымен ұйымдастырылған жоба
жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, білім мен ағартушылық
құндылықтарды насихаттауға бағытталды. Бірнеше айға созылған байқауға еліміздің
түкпір-түкпірінен 45 мыңнан аса оқырман қатысып, оқыған кітаптары бойынша
білімдерін сынға салды. Финалдық кезеңде үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар
анықталып, қаржылай сыйлықтар мен арнайы марапаттарға ие болды.
Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар жастардың кітапқа қызығушылығын арттырып,
олардың тұлғалық дамуына оң әсер ететінін атап өтті.
Азат Бердешев, жобаға қатысушы:
Осы сайыс барысында үш кітап оқыдым. Майқы би, «Түнде атылған оқ», сосын «Атау кере». Көзім жеткені - осы сайыста үш кітап оқыған кезде адам сол кітапты саралап, жілікке бөліп, бір тұжырым шығара алады екен.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28