Аймақтарда оңалту орталықтары ашылады
Биыл 12 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат еңбекке тартылған. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев айтты. 2025 жылы зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдерге 5,9 триллион теңге жұмсалды. Жыл соңына дейін мүгедектікті белгілеуге арналған цифрлық талдау тетігін енгізу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттырып, аймақтарда 7 жаңа оңалту орталығын ашуды тапсырды. Сонымен қатар Президент саланы одан әрі цифрландыру, еңбек адамының құқығын қорғау, мұқтаж жандарға көмек көрсету және әлеуметтік масылдықпен күрес жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.
Асқарбек Ертаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Азаматтарды жұмыспен қамту бағытында нақты нәтижелер бар. 201 мыңға жуық азамат, соның ішінде 74,9 мың жас жұмыспен қамтылды. Жасанды интеллект технологияларын енгізу аясында Маңғыстау және Павлодар облыстарында «Жұмыспен қамтудың цифрлық қызметі» пилоттық режимін іске қосу жоспарлануда.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17