Жаһан жаңалықтарына шолу
Ормұз бұғазы маңында америкалық «Апачи» тікұшағы атып түсірілгеннен кейін АҚШ әскері Иранға соққы берді. Бұған жауап ретінде Ислам Республикасының армиясы Құрама Штаттардың Иорданиядағы, Кувейттегі, Бахрейндегі базаларына шабуыл жасады. Әзірге зардап шеккен адамдар туралы мәлімет жоқ.
Солтүстік Ирландияда мигранттарға қарсы шеру өтті. Бұған Суданнан барған босқынның жергілікті тұрғынды пышақпен жарақаттауы себеп. Қанды оқиғадан кейін Белфастте бетперде таққан жүздеген адам көшеге шығып, автомашиналар мен қоқыс жәшіктеріне от қойып, жолдарды бөгеп, көлік қатынасын тежеді.
Ал Ресейдің Дағыстан республикасының Қызылюрт қаласында газ құбыры магистралі мен газ тарату станциясында үш мәрте жарылыс болды. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, апат кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ сақтық мақсатында 100-ден астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген.
Қырымда жанармай тапшы. Түбекте мұндай жағдайдың қалыптасуына Украина әскерінің бұл аумақты блокадаға алуға әрекеттеніп, дрондар шабуылын жиілетіп, Ресейден отын тасымалын қиындап жіберуі себепші. Қазір Қырымда бір қолға 20 литр бензин ғана үлестріліп жатыр.
НАСА агенттігі «Артемида-3» миссиясымен келесі жылы Жер орбитасына ұшатын төрт астронавтты таныстырды. Олардың үшеуі – америкалық, біреуі – италиялық. Айта кетсек, НАСА бұл экипаж жинаған мәліметтерді 2028 жылы Айға адам қондыруға әзірлікке пайдалануды көздеп отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
10.06.2026, 20:50
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті
10.06.2026, 20:47
Таза көшелерде маңдай тердің табы бар
10.06.2026, 20:46
3 жылда Бибісара Асаубаеваға 700 млн теңге қолдау көрсетілген
10.06.2026, 20:44
Ертең футболдан Әлем чемпионаты басталады
10.06.2026, 20:42
«Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы бекітілді
10.06.2026, 20:14
Ескі үйлер арзандап, жаңасы қымбаттады
10.06.2026, 20:12
Жылдық мөлшерлеме өсті: «Отбасы банктен» ипотека алу қымбаттай ма?
10.06.2026, 20:11