Басты Жаңалықтар Жылдық мөлшерлеме өсті: «Отбасы банктен» ипотека алу қымбаттай ма?

Жылдық мөлшерлеме өсті: «Отбасы банктен» ипотека алу қымбаттай ма?

«Отбасы банктен» ипотека алу қымбаттай ма? Жылдық бірыңғай мөлшерлеме 7,5 проценттен 8,5 процентке дейін өсті. Бұл тұрғын үй нарығына әсер ете ме? «Отбасы банк» өкілінің жауабын бірге тыңдайық.

Жанболат Қалменов, «Отбасы банк» АҚ банк өнімдерін әзірлеу басқармасының бастығы:

Негізі 8,5 пайызбен 7,5 пайыз арасы 1 пайыз ғана. Ай сайынғы төлем 10-15 мың теңге аралығында ғана болады. 8,5 пайыз бұрын да болған. Үлкен өзгеріс енгіздік деп айта алмаймыз.

Сонымен қатар несиені өзіңізге ыңғайлы тәсілмен төлей аласыз. Бекітілген мөлшерлеме - жаңа немесе ескі үй алуға, жер телімін алу, үй салу және жөндеу жұмыстарын қамтиды. Сондай-ақ «Өз үйім», «Кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» жобасы және «Әскери баспана» сияқты арнайы бағдарламаларға да қолданылады. Ал егер сіз 4 маусымға дейін мақұлдау алып қойсаңыз, несиені бұрынғы шарттармен рәсімдей аласыз. Сондай-ақ салымшылар үшін мемлекеттік 20% сыйақы сақталады.


Бөлісу