Астанада халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі басталды
Астанада халықаралық конгресс басталды. Әлемнің үздік компаниялары қатысып жатқан ауқымды іс-шарада тау-кен металлургия саласын дамыту жайы талқыланады. Әріптесім, Жанел Нұрболатқызы жиыннан тікелей эфирге қосылуға дайын. Жанел, конгресстің күн тәртібінде қандай мәселелер бар?
Жәнел Нұрболатқызы, тілші:
Конгресске әлемнің түкпір-түкпірінен ірі кәсіпорындардың басшылары келген. Олар Қазақстандағы кен орындарын барлауға қызығушылық танытып отыр. Біздің елде Еуроодақтың экономикасына аса қажетті 34 шикізаттың 21-і шығарылады. Әйтсе де әлеуетіміз бұдан да жоғары. Бүгінгі конгресс сенімді серіктестік орнатуға жол ашпақ. Мұнда әсіресе, АҚШтан келгендер көп. Өйткені, Вашингтон кейбір елдермен арадағы сауда саясатын жаңа бағытқа бұрыға бейіл. Дәлірек айтсам, әлемдік нарықта стратегиялық маңызы артқан вольфрам қорын игеруге ниет білдіріп отыр. Бұдан бөлек, Сауд Арабиясы, Швеция, Үндістаннан келгендерді де байқадық. Қазір менің жанымда Үндістанда сирек метал шығаратын кәсіпорынның басшысы тұр. Біздегі компаниялармен қандай келіссөз орнатпақшы?
Сангви Раджиев, кәсіпорын бсшысы:
Біз Раджив мырзамен сұхбатқа дейін де әңгімелескен едік. Айтуынша, оның компаниясы Үндістанда белгілі саналады. Десе де, әлемдік нарыққа енді ғана шыға бастаған. Алғашқы серіктес ретінде Қазақстанды таңдап отыр. Екіжақты тиімді әріптестік күтеді.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17