Биыл елімізде 11 мың шақырым жолды жөндейді
Биыл Президент тапсырмасы бойынша елімізде республикалық және жергілікті маңызы бар 11 мың шақырым жол жөнделеді. Оның ішінде 5 мың шақырым көлік дәлізі өнделеді. Бұл жобаның аясында Жамбыл облысында 50 жыл бойы шаңдағы шығып, тозығы жеткен «Шу – Қайнар» автожолы да жөнделмек.
- Кеше ғана жаңа дөңгелек салғанмын. 43 мың теңгеге алып. Қазір жарылып жатыр.
Жамбылдық жүргізушілер осылай Шудан шығып, Қордайға қатынаудан шаршады. Өйткені
ошақ орнындай ор-шұқыры көп тас жол жарты ғасыр бойы жөндеу көрмеген.
Салдарынан тас жол тақырға айналып, ақ шаңы аспанға көтеріледі де тұрады.
Жүргізушілер сынған бөлшегін сатып ала беру қалтаға салмақ салып жатыр деп
ашынады.
Нұрлыбай Әбдібаев, жүргізуші:
Мынандай көліктерге қиын енді. Запчастті де алу қымбат. Енді бұны бәрі айтып жатыр. Енді ходовкасының бәрі қымбат өзіміз жөндейміз. Не істейміз енді. Амал жоқ жүреміз. Ақша табу керек.
Ал қазір қарқын алған жол жөндеу жұмысының басы 2022 жылы басталған. Бірақ бір
жыл өтпей 19 млрд теңге қаржы қаралған жұмыс тоқтап қалды. Өйткені, мердігер
міндетін орындамай, жұмыстың тек 10 пайызын ғана атқарған. «ҚазАвтоЖол»
компаниясы ісіне салғырт қараған серіктестікті сотқа беріп, жосықсыз мердігерге
айыппұл салынған.
Дәурен Әмренов, «Қазавтожол» ҰК АҚ Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары:
Біз былтыр басқа мердігермен келісімшарт жасадық. Енді бұл бағыт халықаралық талаптарға сай болады. Жол төсемі екі қабатқа қалыңдатылып, 60 сантиметрге жетеді. Төменгі қабат қалыңдығы – 9 сантиметр, жоғарғысы 6 сантиметрлік тығыз ұсақ түйіршікті асфальтты бетон төселеді. Бұдан бөлек құмды қиыршықтас қоспасын да төгеміз. Құрылыс қарқыны кестеге сай келе жатыр.
Жоба аясында автодәліз астын су құбырларымен қамтып, көпір салу да көзделген.
Қазір құрылыс басында 115 техника мен 160 адам жүр. 56 шақырымдық «Шу – Қайнардың» күрделі жөндеуі келесі жылы
аяқталады.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
«Әділет» партиясы «Есіктен есікке» акциясын бастады
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03