Балқаштағы аурухана толық жөнделді
Қарағанды облысы Балқаш қаласындағы көпсалалы аурухана бастан аяқ жөнделіп, қолданысқа берілді. «Ауылда денсаулық сақтауды жандандыру» жобасы аясында медициналық мекеме заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Онымен қоса Қарағанды-Балқаш тасжолының құрылысы аяқталды. Көлік ағыны көп болған соң апат та аз емес. Сондықтан
дер кезінде көмек көрсету үшін қайтарылған активтер есебінен аурухана жөндеуден
өтіп, заманауи қабылдау бөлімі мен операциялық залдары бар қосымша корпус
салынды.
Абибулла Шәкенбай, дәрігер:
Халық саны 80 мыңды құрағанымен де алатын аумағы 150 мың. Қазіргі мынау біздегі демалу аймақ уақыттарында үш есеге артады. Ота бөлмесінде шұғыл түрде оталар жасалады. Қажет жағдайда лапароскопиялық, лапаротомиялық, травматологиялық бөлім бар.
Жаңа корпус екі бөліктен тұрады. Біріншісінде шұғыл операциялар жасалса,
екіншісінде жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша көмек көрсетіледі. Қосымша екі дәрігер жұмысқа алынды.
Серікбол Түсіпбеков, Балқаш қаласы
көпсалалы аурухана директоры:
24, 25, 26 жылдары осы ауыл медицинасын көтеру жобасы аясында бізде біраз заманауи жабдықтар алынды. Атап кететін болсақ, бұл магниттік резонанстық томография, 1,5 тесла және компьютерлік томография, нейрохирургиялық микроскоп алынды.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28